😍 Бақытты өмір сүргіңіз келсе Бақытты өмір сүргіңіз келсе, бәрі де өз қолыңызда. Ең бастысы төмендегі қағидаларды жадыңызды ұстаңыз. ✅ 1. Күніне кем дегенде 3 адамға қуаныш сыйлаңыз. ✅ 2. Көп армандаңыз. Армандар орындалады. ✅ 3. Күш-қуатыңызды өтірік, өсек айтуға жұмсамаңыз. ✅ 4. Өмір өте қысқа. Сондықтан өшпенділікке уақыт құртпаңыз. ✅ 5. Өз өміріңізді өзгелердің өмірімен салыстырмаңыз. Өйткені олардың басынан не өткергенін сіз көрген жоқсыз. ✅ 6. Өз өміріңізді бақытты ететін өзіңіз екенін естен шығармаңыз. ✅ 7. Ұйқыңызды қандырыңыз. ✅ 8. Көп оқыңыз. Оқыған адамның ғана ойлау қабілеті өте жоғары болады. ✅ 9. Күніне 2 литр су ішуді әдетке айналдырыңыз. ✅ 10. Өткен іске ешқашан өкінбеңіз. Бірақ болашақта қайталамаңыз. ✅ 11. Бұл өмірдегі бар байлығыңыз — отбасыңыз екенін ұмытпаңыз. ✅ 12. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. ✅ 13. Уақыт зымырап бара жатыр. Жақсы адамдармен араласыңыз. ✅ 14. Басыңызға қандай іс түссе де, күлімдеп жүріңіз. ✅ 15. Жиі жақсылық жасаңыз. Ол міндетті түрде қайтады.

Теги других блогов: жетістіктер бақыт өмір сүру